«Біз бірлескен экономикалық комиссия құруға келістік. Оның бірінші отырысын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарына дейін өткізу межеленді»,- деді М.Бахит.
Кездесуде екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды, деді Иордания үкімет басшысы. «Өкінішке орай, екі елдің тауар айналымы мардымсыз. Қазақстан мемлекет басшысымен екі ел арасында еркін сауда-саттық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Иордания Қазақстанмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтпақшы», деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті