Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар бұған қоса Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту төңірегінде пікір алмасты. Қ.Тоқаев Теңіздегі оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін екі ел үкіметтерінің жақын ықпалдастығы қажет екенін атап өтті.
Бүгін сондай-ақ еліміздің СІМ Ұлыбритания елшісі Пол Браммелді қабылдады. Онда мемлекет басшысының таяуда Біріккен Корольдікке жасайтын ресми сапарына дайындық барысы талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті