Оның айтуынша, филиал басшылығы өз клиенттерінің салымын пайдаланып кеткен деген күдік бар. «Олар (жетекшілер-Kazakhstan Today)ойдан шығарған немесе өзге біреудің атына қысқа мерзімді депозит ашып, оған бар ақшаларын аударады. Одан кейін аударылған соманы шыр көбелек айналдырып, өз пайдаларына жаратқан,-деп атап көрсетті департамент басшысы.
Н.Түзелбаевтің мәліметтерінше, қаржы полициясына бір кәсіпорынның жетекшісі шағымданған. Ол жұмысшыларының жалақысын беру үшін «Валют Транзит» филиалынан ірі сома алғысы келеді, алайда оның есеп- шотында бір тиын да жоқ болып шығады. Филиал жетекшілігі болса бұл компьютерлік жүйенің істен шығуына байланысты деп сылтауратып, хабардың көпшілікке жариялануының алдын алады.
Ендігі кезде қаржы институты жетекшілігінің үстінен ҚР ҚК 219 бабы (банк операциялары туралы алдын ала жалған мәлімет ұсыну) және 220 бап (банк қаражатын заңсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Н.Түзелбаевтың айтуынша, күдіктілерге тұрғылықты жерінен кетпеу туралы қолхат алынды. «Бұл оқиғаны біз әлі де «Валют Транзит банктің» орталық аппаратының үстінен қозғалған іспен ұштастырып отырғанымыз жоқ.. Алайда бұлардың арасында байланыс бар деген күдік те жоқ емес»,-деді Түзелбаев.
Қаржы полициясының деректерінше, жүргізіліп жатқан тергеу барысында филиал басшылығының ақшаны өз пайдасына қолдануынан филиал клиенттеріне 18 074,9 млн. теңге көлемінде зиян тигізгені анықталды.
Облыстағы қаржы полициясының департамент басшысының мәліметтерінше, қылмыстық іс қозғалғалы бері банк филиалының ғимараты мен бірқатар шоттарға тыйым салынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті