Қазақстан мен Ресей Каспийге қатынайтын темір жол - паромды бағытын құру туралы құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей Каспийге қатынайтын темір жол - паромды бағытын құру туралы құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Ресей Каспийге қатынайтын темір жол - паромды бағытын құру туралы құжаттарға қол қойды

АҚТАУ. 10 қараша. Kazakhstan Today. Кеше Ақтауда Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов пен Ресейдің көлік министрі Игорь Левитин Астрахань су көлік торабы, Махачкала(Ресей), Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы халықаралық тікелей теміржол паром қатынасын орнату туралы келісімге қосымша номативтік құжаттарға қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

  • 10 Қараша 2006
  • 430
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «жүк тасымалының ережелері, теміржол паром өткелдерін бірлесіп пайдалану жөніндегі бірлескен кеңес туралы ережелер, халықаралық тікелей теміржол паром қатынасы барысында жүк вагондары мен контейнерлерін пайдалану, жоспарлы тіркеу және есеп айырысу ережелері»туралы құжаттарға да қол қойылды.

Бұл қазан айының бас кезінде Оралда қол қойылған заңдық құжаттардың заңды жалғасы,-дейді Ахметов.

Ал Ресей көлік министрі Левитин: » Ақтау теңіз айлағының мүмкіншіліктері зор. Біз инфрақұрылымдарымызды Ақтау порты арқылы тасымалданатын жүктер үшін тиімді болатындай етіп ұймдастыруымыз қажет,-деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта