«Салалық және таптық партиялардың күні өтіп барады. Жалпыұлттық мүдде алдыңғы орынға шықты»,- деп түсіндірді партияның ҮІІ сьезінде А.Перуашев өз партиясының басшылығының ұстанымын. Оның айтуынша, кейінгі кездері республика экономикасының құрылымындағы өзгерістерге байланысты Азаматтық партияның негізгі электоратының үлес салмағы азайды. «Азаматтық партияның негізгі электоратының үлес салмағы бүгін 12 проценттен аспайды»,- деді А.Перуашев.
«Экономикалық өзгерістерге байланысты саяси құрылымның форматын өзгерту қажет»,- деп пайымдайды ол. «Отан» партиясымен бірігу жолы ауқымды жетекшілік командаға еніп, «Отан» партиясының құрамында қуатты индустриялық қанат болып қалыптасуды білдіреді. Біз тек күш-жігерімізді ғана емес, амбицияларымызды да біріктіреміз»,- деді А.Перуашев.
Қазір сьезге қатысушылар партия жетекшісінің «Отанға» бірігу идеясын талқылауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті