Партиялардың бірігуі Қазақстанның жаңаша стратегиялық мақсаттарына сай келеді - мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Партиялардың бірігуі Қазақстанның жаңаша стратегиялық мақсаттарына сай келеді - мемлекет басшысы

Партиялардың бірігуі Қазақстанның жаңаша стратегиялық мақсаттарына сай келеді - мемлекет басшысы

АСТАНА. 10-қараша. Kazakhstan Today. Партиялардың бірігуі Қазақстанның жаңаша стратегиялық мақсаттарына сай келеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Қараша 2006
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Біздің мақсат — елімізді қарқынды модернизациялау. Өткен 15 жылда біз әжептәуір табыстарға қол жеткіздік. Дегенмен, жаҺанданған дүние жүзі тіптен тез қарқынмен дами түсуде. Біз тіпті технологиялар мен жаңалықтардың дамуына ілесе алмай да қалдық»,- деді президент. «Тек ынтымақ-бірлік, сенім мен қоғамдағы тұрақтылық қана бізді табысқа әкеле алады»,- деді ол. «Біртұтас партия елімізді бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына ену жөніндегі стратегиялық мақсатты жүзеге асыратын басты тіректерінің біріне айналуға тиіс», — деді мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, «Отан», «Асар» және Азаматтық партиялардың бірігуі «қазақстандағы партиялық жүйенің тариыхында жаңаша беттерді ашады». «Бізге бұқараның жаппай қолдауына ие болған, қуатты интеллектуалдық ресурстары бар партия қажет»,- деді Н.Назарбаев.

«Мақсаттары жақын партияларды біріктіру — заңды қадам»,- деді президент.

Елбасының пікірінше, «жалпыұлттық партия құру — еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру үшін айрықша маңызды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта