Қазақстан биылғы түсімнен 6-7 млн. тонна астықты экспортқа шығарады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биылғы түсімнен  6-7 млн. тонна астықты экспортқа шығарады - президент

Қазақстан биылғы түсімнен 6-7 млн. тонна астықты экспортқа шығарады - президент

АСТАНА. 10-қараша. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылы Қазақстан биылғы түсімнен 6-7 млн. тонна астықты экспортқа шығарады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Қараша 2006
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Біз 6-7 млн. тонна астықты экспортқа шығарамыз»,- деді президент.

«Ауылды дамытудың үш жылдық бағдарламасын жүзеге асыру еліміздің ауылшаруашылығы саласын аяғынан тік тұрғызды. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Мүмкін осындай атқарылған ауқымды істердің арқасында ағымдағы жылы ауылдықтар рекордты түсім — 18,5 млн. тонна астық жинаған шығар»,- деді Н.Назарбаев.

Президент тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу қарқынын да оң бағалады. «Мен үш жылда 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салу мақсатын қойған едім. Біз бұл істі екі жылда бітірдік. Біз алдағы жылдарда азаматтардың өз қаржысы есебінен 18 млн. шаршы метр тұрғын үй сала аламыз»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта