«Менің пікірімше бұл ұсыныстарға қажетті деңгейде назар аудару дұрыс»,-деді Н.Назарбаев.
Елбасы мемлекеттік комиссия партия тізімі бойынша сайланатын депутаттар санын ұлғайтуды , парламенттегі партиялық фракцияларының құзыретін кеңейтуді, саяси партияларды мемлекет тарапынан қаржыландыру жүйесін енгізуді және үкіметті жасақтауға парламенттегі партиялардың фракцияларын қатыстыру механизімін құруды ұсынып отырғанын,- атап өтті.
«Біз өзгелердің схемаларын көшіруден және ойластырылмаған шешім қабылдаудан аулақ болуымыз қажет . Аталған мәселелерді жан-жақты саралап, талқылағаннан кейін ғана осы бағытта Қазақстанның жағдайына лайықты, халықтың мүддесіне бағышталған нақты қадамдар жасалады»,-деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті