Қарағанды облысында қаржы полициясы департаментінің жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында қаржы полициясы департаментінің жаңа  басшысы тағайындалды

Қарағанды облысында қаржы полициясы департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 13-қараша. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 13 Қараша 2006
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бұл лауазымға осыған дейін Жамбыл облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментін басқарған 47 жастағы Болат Жүсіп тағайындалды.

Өткен жұмада қаржы полициясының жаңа басшысы баспасөз мәслихатын өткізіп, қазір өзінің қарамағындағы қызметкерлермен енді ғана танысып жатқанын хабарлады. «Кәсіби біліктілігі сай келмейтіндер қызметімен қоштасады»,- деді Б.Жүсіп.

«Өз қатарымыздағы кері құбылыстармен күресетін боламыз. Біздің атымызға айтылатын сындар орынды, қозғалған қылмыстық істердің 35 проценті ғана сотқа жетеді. Мен істердің сотқа жетуін және шешімді сот шығаруын жақтаймын»,- деп мәлімдеді ол.

Жаңа басшы өзі басқаратын мекеменің жұмысы «журналистер үшін ашық болады» деп сендірді. Сонымен бірге ол жылдың аяғына дейін жұмыс қорытындысы жайында ақпарат таратуға уәде етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта