Табиғи ресурстарды сатудан түскен миллиардтаған қаржы шенеуніктердің қалтасында қалуда - депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғи ресурстарды сатудан түскен миллиардтаған қаржы шенеуніктердің қалтасында қалуда - депутат

Табиғи ресурстарды сатудан түскен миллиардтаған қаржы шенеуніктердің қалтасында қалуда - депутат

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов Қазақстанның мемлекеттік меншігіндегі табиғи ресурстарды сатудан түскен миллиардтаған қаржы шенеуніктердің қалтасында қалып жатыр деп пайымдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қараша 2006
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Жер кодексі қабылданғаннан бері 300 мың гектарай жер жеке меншікке сатылған. Мемлекет қоржынына содан небәрі 40 млн. доллар түсті. Ал шенеуніктердің қалтасына миллиардтаған қаржының құйылғанына сенімім кәміл»,- деп мәлімдеді бүгін С.Әбдірахманов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сонымен бірге депутаттың пікірінше, республиканың табиғи ресурстарын сатудан түскен ауқымды қаржы оффшорлық аймақтарға ағылуда. «2006-жылы ашық тәсілмен өндірілген көмірдің өзіндік құны бір тоннасына 5 долларды құрады. Әлемдік баға бір тоннасына 47 долларды құраған жағдайда ол 13 долларға сатылды. Ал мұнай негізінен әлемдік бағаның үштен бір бөлігіне оффшорларға экспортқа шығарылуда. Ондаған миллиард доллар осыларда қалып жатыр»,- деп мәлімдеді депутат.

С.Әбдірахмановтың айтуынша, бүгінде еліміздегі мемлекеттік меншік үлесі 13 процентті, шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларының меншігі 17 процентті құрайды, ал 70 проценті жеке меншікте. Депутаттың айтуынша, 2007-жылы мемлекеттік меншікті жекешелендіруден 8,4 млрд. теңге табу межеленген. «Миллиардтаған долларға бағаланатын халықтың байлығы осы қаржыға иелі болып кете баратынына сенімім кәміл»,- деді С.Әбдірахманов.

Осы орайда С.Әбдірахманов бір экономист мамандығы бар сайлаушының есептерін ортаға салды: қазіргі еліміздегі 9700 теңге көлеміндегі ең төменгі зейнетақы өзінің сатып алу қабілетіне қарай 1990-жылғы 70 рубль көлеміндегі зейнетақыдан 3,7 есе төмен; бұл зейнетақыға қазір Астанада осыдан 16 жыл бұрынғыдан 2,4 есе аз азық-түлік сатып алуға болады.

Сонымен бірге депутат республиканың білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және денсаулық сақтау саласына жұмсайтын қаржысының сұранысқа мүлдем сай келмейтінін айтты. «Қазақстанда осы жылдың басындағы жағдаймен 16 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 4 млн. немесе жалпы халық санының 26 процентіне тең болса, бюджетте оларға арналған шығындардың үлесі, мамандардың есептеуінше, 15 процентке жетпейді. Өздеріңіз көріп отырғандай, шығындар мүлдем сай келмейді»,- деді ол. «Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы сан алуан тендерлерде құрдымға кетіп жатыр»,- деп мәлімдеді депутат.

Осыған байланысты С.Әбдірахманов әріптестерін еліміздегі оқиғаларға ой жүгіртуге шақырды. «Мен шеру немесе төңкерістерге шақырмаймын, экспроприацияға да үндеп отырған жоқпын. Бар болғаны баршамыз бірлесіп осы мәселелерге көңіл бөлсек деймін»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта