2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады - Қауіпсіздік кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады - Қауіпсіздік кеңесі

2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады - Қауіпсіздік кеңесі

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынады. Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қараша 2006
  • 583
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Қазақстанға рулі оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салу туралы тапсырма берді»,- деді журналистерге арнап өткізілген брифингте ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов.

Ө.Түсімовтың хабарлауынша, бұған қоса, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында «үш жылдан кейін тізгіні оң жақтағы автокөліктерді пайдалануды доғару» жөнінде шешім қабылданды. «Үкіметтің шешіміне байланысты не 2009-жылдың басынан , немесе, 2010-жылдан бастап рулі оң жақтағы автокөліктерді мінуге мүлдем тыйым салынатын болады»,- деді Ө.Түсімов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде тізгіні оң жақта орналасқан 117 мың автокөлік тіркелген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 74 мың болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта