Оның айтуынша, венчурлық қорлардың базасы мен олардың жобаларға сараптама жасау мүмкіндіктерін шетелдік жоғары технологиялы компанияларлың акцияларын сатып алу мақсатында пайдалану көзделіп отыр.
«Құрылған венчурлық қорларда коммерциялық сипатқа көшіруге келешек әлеуеті бар 251 жоба қарастырылуда»,- деді ол. Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, отандық венчурлық қорлар жалпы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жобаны қаржыландыру жөніндегі шешімді мақұлдады. Бұлар жаңа материалдар жасау, ақпараттық технологиялар, жартылай өткізгіштерді өндіру, биотехнологиялар, тұтыным тауарлары және фармакология салаларындағы жобалар.
Сонымен қатар Қ.Келімбетовтың айтуынша, отандық венчурлық қорлар силанды технологиялар және тазалығы жоғары деңгейдегі кремний өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік негізін қалау секілді жобаларды қаржыландыра бастады. Жобаның құны 65,1 млн. теңге. Сандық технологиялар саласындағы барлық қызмет түрлерін көрсететін орталықтарды дамыту. Жоба құны — 54 млн. теңге. Жаңа желмен жұмыс істейтін жылу генераторларының тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерінің жобасын жасап өндіру; жоба құны — 112,2 млн. теңге; Ферросиликоаллюминий өндіретін жаңа зауыт салу; жоба құны — 522 млн. теңге. Базальт талшықтарынан жылулық-изоляциялық материалдар жасау; Жоба құны — 186,2 млн. теңге.
Сонымен бірге қазірде ұлттық инновациялық қор бірнеше инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Соның ішінде отандық қатерлі ісікке қарсы препарат — «Арглабин» өндіретін фармацевтикалық кешен құру. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгеге тең. Оның 338,4 млн. теңгесін қор шығарады. Өндіріс қуаты жылына 2 млн. ампула шығаруға есептелген. Жобалық қуатқа 2008-жылы қол жеткізіледі.
Ромелт инновациялық процессінің негізінде кокс пайдаланбай шойын өндіру жобасы; жылдық өнімділігі — 34 560 тонна, экологиялық тұрғыда қауіпсіз өндіріске жатады.
Ұңғылық аспаптардың жинақталымында қазіргі заманғы әмбебап «Геоскан» каротажды регистраторларын жасау; Жоба құны — 1,9 млрд. теңге. Қор 658 млн. теңгесін шығарады. Отандық регистраторлар геофизикалық қызметтердің сапасын арттыруға және отандық компаниялардың бәсекелестік қабілетін көтеруге мүмкіндік тудырады.
Сонымен бірге Қазақстанда мониторлар мен телевизорлар өндіру, сондай-ақ, «Glotur DS Multimedia» АҚ-ның жанында ғылыми-зерттеу зертханасын құру жобалары жүзеге асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті