Елімізде 2006-жылдың 9 айында мемлекеттік коммуналдық қорға баспана салуға бөлінген қаржы небәрі 78 процентке ғана пайдаланылды - қаржы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2006-жылдың 9 айында мемлекеттік коммуналдық қорға баспана салуға бөлінген қаржы небәрі 78 процентке ғана пайдаланылды - қаржы министрі

Елімізде 2006-жылдың 9 айында мемлекеттік коммуналдық қорға баспана салуға бөлінген қаржы небәрі 78 процентке ғана пайдаланылды - қаржы министрі

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Елімізде 2006-жылдың 9 айында мемлекеттік коммуналдық қорға баспана салуға бөлінген қаржы небәрі 78 процентке ғана пайдаланылды. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Наталья Коржова бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 14 Қараша 2006
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағдарлама бойынша 1,1 млрд. теңге игерілмей қалды. Оған себеп — құрылыс жұмыстарын атқару кестесінен кешігу»,- деді Н.Коржова. Оның айтуына қарағанда, тұрғын үй құрылысына арналған несиелік ресурстардан есепті мерзімде 14,4 млрд. теңгесі игерілді. «4,8 млрд. теңге игерілмей қалды. Немесе жоспардың 75 проценті орындалды. Атап айтсақ, Алматыда — 1,5 млрд. теңге, Астанада — 1,1 млрд. теңге, ОҚО -да — 0,5 млрд. теңге, ШҚО -да — 0,4 млрд. теңге игерілмей қалды»,- деді қаржы министрі.

«Қаржының игерілмей қалуына байқаулардың ұзаққа созылуы мен мердігерлер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесіне ілесе алмай қалу себеп болды»,- деді Н.Коржова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта