Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметтерінше, кеше қарашаның 13-і «Ақбозат» ЖШС ауласында өрт шыққан. Нәтижесінде «ПАЗ-677М» автобусы, «ГАЗ-53» және 2 тонналық бензин құйылған сауыт өртеніп кеткен. Оқиға орнындағы 4 адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр. Тілсіз жау төтенше жағдайлар қызметінің күшімен ауыздықталды. Өртті сөндіруге 15 өрт сөндіруші, 3 техника қолданылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті