Ағымдағы жылдың он айындағы экономиканың дамуына қорытынды жасаған Даниал Ахметов, «болжағанымыздай, өнеркәсіп саласындағы жағдай тез арада ретке келді, ондағы өсім 6,7% құрады,-деп мәлімдеді. Үкімет басшысының ақпараты бойынша, он айдағы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,4% құраған, ал тау-кен өндірісі 6,3% құрады. «Яғни өңдеу секторының ролін күшейтіп , нығайту ілгерілеп келеді»,-деді премьер-министр.
Үкімет басшысының пікірінше, «мұндай өнеркәсіп саласындағы ілгерілеу инвестицияның өсуіне байланысты болып отыр. Он ай ішінде инвестиция 18% артқан». «Жалпы алғанда, негізгі капиталға тартылған экономикалық инвестиция 19% ұлғайды, бұл экономиканың нақты өсімінен екі есеге артып, ел экономикасын дамытудың басты локомотивіне айналды» ,-деді Даниал Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті