Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылы 10 млрд. доллардан асады. Бұл туралы ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағы партия комитетінің хатшысы Ван Лэцюань бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 14 Қараша 2006
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларды құрады, ал биыл алдын-ала мәліметке сәйкес, ол 10 млрд. доллардан асады»,- деді В. Лэцюань. Оның айтуынша, «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қазір қарқынды дамып келеді. Бұл саладағы ынтымақтастықтың келешегі зор».

В. Лэцюаньның айтуынша, Қытайдан Қазақстанға экспортқа шығарылатын тауарлардың 70 проценті Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағынан әкелінеді. Қазақстан-Қытай шекаралық ынтымақтастық орталығының құрылысына қатысты жұмыстар жоспарлы кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта