Қазақстанда ұлттық валюта банкноттарын ауыстыру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ұлттық валюта банкноттарын ауыстыру басталды

Қазақстанда ұлттық валюта банкноттарын ауыстыру басталды

АЛМАТЫ. 15 қараша . Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстанда ұлттық валютаның ескі үлгідегі банкноттарын жаңа үлгідегі банкноттарға ауыстыру басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қараша 2006
  • 1205
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін айтылғандай, 1998-2003 жылғы үлгідегі 200,500,1000,2000,5000 және 10000 теңгелік банкноттар ауыстырылады.

Ескі және жаңа үлгідегі ақшалар бір жыл бойына бірдей қолданыста жүреді. «Осы аралықта ескі дизайндегі банкноттар, жаңа үлгідегі ақшалар сияқты теңдей айналымда болады»,-деп атап өтті Ұлттық банк басшысы Әнуар Сәйденов. Содан кейін бір жыл бойы ескі үлгідегі ақшалар коммерциялық банктердің бөлімшелерінде қабылданады ,одан кейінгі он жылда оларды Ұлттық банктің бөлімшелеріне тапсыруға болады.

«Ақшаларды ауыстыру кезінде сомасына қатысты немесе ешқандай комиссиялық ақша алынбайд»,-деді Ә.Сәйденов.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, ескі үлгідегі ақшаларды ауыстыру ұлттық валюта банкноттарын қолдан жасау технологияларына тосқауыл қойып, азаматтардың жеке қаражаттарын қорғауға мүмкіндік береді.

Жаңа үлгідегі банкноттарды жасау кезінде ақшаларды қолдан жасаудан қорғайтын жаңаша және классикалық заттар қолданылған, нақтырақ айтсақ жаңа ақшаларда бір қарағанда көзге түсетін элементтер, сонымен қатар арнайы техникалық құралдармен ғана аңғаруға болатын жасырын элементтер бар.

Шамамен жаңа банкноттардың 80% қатемен айналымға түседі. Компьютердің істен шығуы салдарынан 2000 теңгелік банкноттың екі жағында да және 5000 теңгеліктің бір жағында қазақша жазылған сөзде грамматикалық қате жіберілген. Алайда, Ұлттық банк басшысы айналымға түскен бір жыл ішінде бұл банкноттар ауыстырылады, деп сендірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта