Қызылорда да есірткі сатушылардың әрекеттерін бүркеп қалған полиция майоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда да есірткі сатушылардың әрекеттерін бүркеп қалған полиция майоры ұсталды

Қызылорда да есірткі сатушылардың әрекеттерін бүркеп қалған полиция майоры ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. Kazakhstan Today. Қызылорда облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері екі есірткі сатушының әрекеттерін жасырып келген полиция майорын ұстады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыс прокуратурасынан хабарлаған.

  • 15 Қараша 2006
  • 416
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның мәліметінше, жергілікті тұрғынның біріне тиесілі «Мерседес» маркалы көліктің ішін тексерген кезде полиция қызметкерлері екі қап марихуана тауып алған. Оған қоса, оның үйінен мал қораға жасырып қойған тағы он қап есірткі табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 103кг болды.

Алдын- ала ақпаратқа қарағанда, есірткі айналысушының және оның серіктесінің әрекеттерін Қызылорда облысының ІІД қызметкері бүркеп келген. Нәтижесінде олар, «марихуана саудасымен жайбарақат айналысқан». «Тергеу барысында, полиция майоры мен, есірткі саудагерлері арасындағы қарым қатынастың барлық тұсын анықтау қажет»,-деді Зарлық Лақпаев.

Ұсталған есірткі сатушыларының үстінен ҚР ҚК 259 бабына сәйкес(есірткі затын алу, сақтау немесе сату), және бұрынғы полиция майоры үстінен ҚР ҚК 307 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта