Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІ конгрессінің қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдап, онда еліміздің қаржы саласын дамытудың 2007-жылға арналған басты мақсат-міндеттерін айқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІ конгрессінің қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдап, онда еліміздің қаржы саласын дамытудың 2007-жылға арналған басты мақсат-міндеттерін айқындады

Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІ конгрессінің қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдап, онда еліміздің қаржы саласын дамытудың 2007-жылға арналған басты мақсат-міндеттерін айқындады

АСТАНА. 15-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІ конгрессінің қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылдап, онда еліміздің қаржы саласын дамытудың 2007-жылға арналған басты мақсат-міндеттерін айқындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қараша 2006
  • 511
Фото - Caravan.kz

Резолюцияға сәйкес, дамудың стратегиялық мақсат-міндеттері ретінде мыналар айқындалды: қаржы секторын одан әрі дамыту мен модернизациялау арқылы ел экономикасының экспортқа бағытталуы мен қаржылық қызметтерді экспорттау деңгейін көтеру.

Қаржы секторының бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатын жүзеге асыру үшін конгреске қатысушылар қаржылық секторды антимонополиялық реттеуді жетілдіру туралы шешім қабылдады. Бұл саланы монополияға қарсы реттеу қаржы секторында әділетті бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ, қаржылық қызметтерді, қаржы секторының халыққа арнаған өнімдері мен технологияларын тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қаржылық өнімдердің сапасын арттыру, төлем карточкалары саласында қазіргі заманғы технологияларды пайдалану негізінде қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдер аясын кеңейтуге бағытталады.

Конгреске қатысушылар мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестік тетіктерін дамытуды тағы бір мақсат етіп айқындады. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржылық даму институттары мен қаржылық ұйымдардың ықпалдастық түрлері мен әдістерін дамыту ұсынылды. Сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асырып аяқтау үшін бас қосуға қатысушылар жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізу, сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесін жетілдіру, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту, өмірді сақтандыру рыногын дамытуды пәрмендендіру жөнінде шешім қабылдады. 2005-2007-жылдарға арналған құнды қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін конгресске қатысушылар инвестиция салудың ұжымдық түрлерін дамытуға, секьюритизациялық тетіктерді іске қосуға, вексель нарығы мен туынды бағалы қағаздар рыногы дамытуға, сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату арқылы мемлекет тарапынан қарыз алып пайдаланудың ұзақ мерзімді саясатын жасауға атсалысуға келісті. 2005-2007-жылдарға арналған зейнетақы жинақтаушы жүйесін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін бас қосуға қатысушылар зейнетақы жинақтарының кірісін айқындау әдістемелерін жетілдіруге, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысушылардың салымшылардың салымдарын қорғауға қатысты жауапкершілігі тетіктерін жетілдіруге, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған азаматтар үшін зейнетақы қамтамасыздығының жинақтау жүйесін жетілдіруге келісті.

Банкке жатпайтын қаржылық ұйымдарға қатысты ипотекалық тұрғын үй несиелерін тарату құқығы бар ұйымдардың санын азайту, бұл тізімге тек екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық ұйымдарды енгізу, ипотекалық ұйымдарға салынып жатқан үйлерге талап ету құқығын кепілге қоя отырып несиелер таратуға құқық беру қажет деп күтілуде.

Сонымен бірге резолюцияда конгреске қатысушылар қаржылық кодекс жасау қажет екендігін атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта