Аграрлық партия "Отан" партиясымен бірікпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аграрлық партия "Отан" партиясымен бірікпекші

Аграрлық партия "Отан" партиясымен бірікпекші

АСТАНА. 15-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанның Аграрлық партиясы республикалық "Отан" саяси партиясымен таяу уақыттарда бірікпекші. Бұл туралы бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен брифингте Қазақстанның Аграрлық партиясының жетекшісі Ромин Мадинов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қараша 2006
  • 887
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысымен кездесуде партиялық құрылымды әріқарай өзгерту келешегі туралы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Аграрлық партияның басшылығы алдағы сьезде партияға «Отан» партиясымен бірігіп, қайта құрылуды ұсынбақшы»,- деді Р.Мадинов.

«Мемлекет басшысы Аграрлық партияның дербес саяси күш ретінде тек ауылшаруашылығының дамуына ғана емес, сонымен бірге еліміздің қоғамдық-саяси құрылымы үшін де көп іс тындырғанын атап өтті»,- деді жетекші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта