Қызылорда облысында мырыш өндіретін шахтада тау жыныстарының опырылуы салдарынан жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында мырыш өндіретін шахтада тау жыныстарының опырылуы салдарынан жұмысшы мерт болды

Қызылорда облысында мырыш өндіретін шахтада тау жыныстарының опырылуы салдарынан жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 16-қараша. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында мырыш өндіретін шахтада тау жыныстарының опырылуы салдарынан жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қараша 2006
  • 545
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында, мырыш өндіретін «Шалқия-мырыш» ЖШС-де болды. 15-қарашада 10 сағат 10 минутта тау жыныстарының опырылуы салдарынан 36 жастағы геолог-техник мерт болды. Оның мәйітін шахта жұмысшылары жер бетіне шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті