Астана мен Пекин әріптестік қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Пекин әріптестік қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды

Астана мен Пекин әріптестік қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. 16-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай екі мемлекеттің астаналары арасында әріптестік байланыс орнату туралы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа бүгін Астанада Елордасының әкімі Асқар Мамин мен Пекин партия комитетінің хатшысы, Қытай Коммунистік партиясының орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Лю Ци қол қойды.

  • 16 Қараша 2006
  • 618
Фото - Caravan.kz

Келісімге Пекиннің вице-мэрі Лу Хао мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Болат Смағұлов та қол қойды.

«Бұл келісім өзара қарым-қатынасымызды әйгілеуге негіз болатын база болмақ. Біздің кездесулеріміз бізге етене жақын байланыс орнатуға мүмкіндік береді»,- деді А.Мамин.

Сондай-ақ, бүгін Қытай Коммунистік партиясының орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Лю Циді Астанадағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

«Президент Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына, соның ішінде партияаралық байланысқа жоғары баға берді Біз өзара мәдени, экономикалық ынтымақтастығымызды жан-жақты дамытып, екі елдің астаналары арасындағы байланысты бекіте түсеміз»,- деді Лю Ци кездесуден кейінгі брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта