Келісім бойынша, облыстағы кәсіпкерлер жыл аяғына дейін қандайда бір бағаның күрт көтерілуіне жол бермейтін болады. Бұл мейрам күндеріне де қатысты болмақ. Қала әкімінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше «бағаның ауытқуы тек 7 % аралығында болмақ».
Бағасы өзгермейтін 18 азық түліктің қатарында ұн, шай, сүт, сиыр еті, қант, тұз, май, кондитерлік өнімдер, көкөніс пен жемістер бар. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, әсіресе осы тауарлардың бағасы жыл аяғына қарай 1,5-2 есе көтеріліп кетеді.
Әкімшілік өз кезегінде кәсіпкерлікке ақпараттық демеу көрсетіп отырады. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарында келісімге келген компаниялар туралы және жүргізіліп жатқан шара туралы жүйелі түрде мақалалар жарияланады. Сонымен қатар, әкімшілік құжатқа қол қойған кәсіпкерлердің осы бағыттағы барлық талпыныстарын қолдауға уәде беріп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті