ҚХР басшылығы Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз беруде - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР басшылығы Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз беруде

ҚХР басшылығы Қазақстан президентінің алдағы сапарына айрықша маңыз беруде

ПЕКИН. 17-қараша. Kazakhstan Today. ҚХР басшылығы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006-жылдың аяғына межеленген сапарына айрықша маңыз беруде. Бұл туралы бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері У И вице-премьер Кәрім Мәсімов басқарған еліміздің өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Қараша 2006
  • 522
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың алдағы Қытайға сапары Пекиндегі кездесудегі әңгіменің өзегіне айналды. «ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстан мемлекет басшысына үлкен құрметпен қарайды, содан бізге осынау сапарға мұқият дайындалу туралы нақты тапсырма берілді»,- деді У И.

Екі елдің мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың қарқынмен дамып келе жатқанын кездесуге қатысушылар ерекше атап өтті.

Қытай жағы Қазақстан экономикасының энергетикалық емес саласына капитал жұмсау аясын кеңейте түсуге ниет білдірді. Мәселен, У И ханымның айтуынша, осы орайда инфрақұрылымды дамыту, машина жасау, химия өнеркәсібі, байланыс және ақпараттық технологиялар салаларын атауға болады.

Сонымен бірге Қытай Қазақстаннан бидай мен мал шаруашылығы өнімдерін импорттаудан мүдделі, деді ҚХР вице-премьері. «Таңдау шарттары бірдей болған жағдайда бұл бағытта Қытай әрдайым Қазақстанға артықшылық беретін болады»,- деп сендірді ол.

Сонымен бірге кездесу барысында мұнай және газ саласында екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Бұдан кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің үшінші отырысы аясында жалғасты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта