Полиция Астанаға есірткі жіберілетін тағы бір жолға тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Астанаға   есірткі жіберілетін  тағы бір жолға  тосқауыл қойды

Полиция Астанаға есірткі жіберілетін тағы бір жолға тосқауыл қойды

АСТАНА. 17 қараша. Kazakhstan Today. Астана полициялары қалаға кіретін тағы да бір есірткі бағытына тосқауыл қойды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Астананың ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының орынбасары Ердос Шаяхметов құлағдар етті ,- хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Қараша 2006
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Қарашаның 15-інде есірткіні сауладамақ болған жерінде Астананың 1966 жылы туған азаматы қолға түскен. Заттарын қарау кезінде одан 5 грамм героин табылады. Ал пәтерін тінту барысында тағы да 2 грамм героин табылды,-дейді Шаяхметов.

Жедел операциялар кезінде полиция қызметкерлері негізгі есірткі таратушыны қолға түсірген. Қарашаның 16-ында есірткіні сатпақ болған 1974 жылы туған азаматша қолға түседі. Одан 10 грамм героин табылды.

«Мінекей осылайша біз Астанаға есірткі жеткізуші тағы да бір жолды кестік,-дейді Шаяхметов. Оның айтуынша, осы жол арқылы есірткі заттары тек Астана емес, Қарағандыға да жеткізіліп тұрған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта