Мекеме ақпаратына сәйкес, 17-қарашада Арал ауданында 16 сағат пен 21 сағат аралығында жылдамдығы секундына 20 метр, кей жерлерде 29 метрге жететін қатты дауыл соқты.
Қатты дауылдан №14 орта мектептің шатыры қирап, аудандық аурухана, жеке меншік үйлердің, Сексеуілді ауылының АТС, Бөген және Қарақұм ауылдарындағы мектептердің, Ақбасты аулындағы клубтың шатырлары қирап, 10 электр жалғастыру желісінің бағандары құлаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті