Елімізде үш күнде мас күйінде көлік айдаған 2 мың жүргізуші ұсталды - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үш күнде мас күйінде көлік айдаған 2 мың жүргізуші ұсталды - ҚР ІІМ

Елімізде үш күнде мас күйінде көлік айдаған 2 мың жүргізуші ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Жол полициясы тарапынан 16-18-қарашада елімізде жүзеге асырылған шара барысында жолдарда мас күйінде көлік айдаған 2262 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 353
Фото - Caravan.kz

«Мас күйінде көлік жүргізетіндер әсіресе Шығыс Қазақстан облысы мен Астанада көп. Астанада мәселен осындай 199 адам ұсталды»,- деді Б.Қожахметов. Оның айтуынша, осы рейд барысында жол полициясының қызметкерлері заңсыз пайдаланылған жарық және дыбысты дабылдарды тәркіледі. «Астанада осындай заттар 16 автокөліктен, соның ішінде ірі кәсіпкерлер мен жоғары дәрежелі шенеуніктердің автокөліктерінен де алынды»,- деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, осы жолы AV, AST және KZ сынды үкіметтік номерлері бар автокөліктер тарапынан да ереже бұзу көріністері тіркелді. «Үш күнде осындай номері бар үш жүргізушіге айыппұл салынды. Айта кету керек, олардың бәрі де мас жүрген»,- деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, өткен аптада елімізде 411 жол апаты болып, одан 99 адам мерт болды, 493 адам жараланды. «Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жол апаттарының саны 11,5 процентке артты. Жалпы алғанда қарашаның 13 мен 19 аралығында республиканың жол полициясы жол ережелерін бұзуға қатысты 25 мың оқиғаны анықтады. 18 мың заң бұзушыға 21 млн. теңгенің айыппұлы салынды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта