Ақтау портындағы теңіз түбін тереңдету жұмыстары 2007 жылы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау  портындағы теңіз түбін тереңдету жұмыстары 2007 жылы басталады

Ақтау портындағы теңіз түбін тереңдету жұмыстары 2007 жылы басталады

АҚТАУ. 20 қараша. Kazakhstan Today. Ақтау теңіз портының солтүстік бағыттағы территориясын кеңейту жобасының аясында "Подводтрубопроводстрой" ААҚ 2007 жылы Каспий айдынында теңіз түбін тереңдетуге бағытталған ауқымды жұмыстарды бастайды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Әбілғазин хабарлады.

  • 20 Қараша 2006
  • 513
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, жұмысты бастау үшін қазіргі кезде компания 14 арнаулы флотты жұмылдырды.

Осыған дейін айтылғадай, теңіз түбінің бедеріне байланысты тереңдетіледі. Тереңдік зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Жалпы 3 метрден 7 метрге дейін тереңдету жоспарланып отыр.

Т.Әбілғазин теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын жүзеге асыруға берілген алғашқы $25 млн. толығымен игерілді, деп хабарлады. Жыл соңына дейін тағы $62 млн. көлемінде қаражат бөлінеді.

Қазіргі сәтте 1100 метр жерден тау жыныстары қазып алынды.

Толқын тосқынының жоғарғы жағына толық төгілді. Арнайы қабырға жасап, бір жағынан теңіз суының қысымына, екінші жағынан бетон қысымына тосқауыл болатын мырыш сына қағу жоспарда бар.

Порт директорының сөзіне қарағанда, алғашқы іске қосылатын кешен — толқын тосқыны бар төрт мұнай причалы 2008 жылдың соңында өткізіледі, құрғақ жүкті аялдамалар мен басқа инфрақұрылымдар белгіленген мерзімде , жопарланғандай 2009 жылы өткізіледі.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін мердігер ретінде «Mobilex Terminal Oil» таңдалды. Ол Ақтау теңіз портының құрылысын өзінің қаражатымен қаржыландыратын болады. Тиісті заң актілерін ескере отырып, 40 га жер компанияға 49 жылға жалға берілді. Жалдау мерзім аяқталғаннан кейін компания бұл жерді мемлекеттің иелігіне қайтарып береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта