2007-жылы Қазақстанда мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 24 процентке ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылы Қазақстанда мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 24 процентке ұлғайтылады

2007-жылы Қазақстанда мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 24 процентке ұлғайтылады

ПАВЛОДАР. 23-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылы Қазақстанда мәдениет саласын мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі 24 процентке ұлғайтылады. Бұл жайында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев бүгін Павлодарда кітапханашылардың республикалық семинарында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Қараша 2006
  • 609
Фото - Caravan.kz

«Алдағы жылы мәдениетке арналатын шығындар 31 млрд. теңгеге жетеді. Ал биыл бұл көрсеткіш 24 млрд. теңге болғанын ескерсек, қаржыландыру көлемі 24 процентке артады»,- деді министр. Осы орайда ол қаржыландыру көлемі доллармен есептегенде 250 млн. болатынын айтып өтті.

«Қаржы көлемінің ұлғаюы еліміздің мәдениетіне қарқынды дамуға қосымша серпін бермек»,- деді министр. «Жаңа нысандар салып, ескісін қалпына келтіріп, озық технологиялар енгізу, жастарды оқыту қажет»,- деді ол.

Министр сонымен бірге 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап отандық мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 процентке өсетінін еске салды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жөнінде тікелей пәрмен берген. Еліміз тәуелсіз дамып келе жатқан барлық 15 жылда да ол мәдениет мәселелеріне айрықша назар аударып келеді»,- деді Е.Ертісбаев.

Кітапханашылардың республикалық семинарына 300-ден астам өкіл қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті