Мекеме ақпаратына сәйкес, 28-қарашада Семей-Курчатов тас жолының 22-шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ» көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 695-шақырымында «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «Subaru» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «BMW» жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, «Subaru» көлігінің жүргізушісі мен «BMW» көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, 28-қарашада Қызылорда-Петропавловск тас жолының 460-шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «КамАЗ»жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жолаушысы жарақататн оқиға орнында мерт болып, тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті