Республика үкіметі астықты экспорттау стратегиясының жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі астықты экспорттау стратегиясының жобасын жасауда

Республика үкіметі астықты экспорттау стратегиясының жобасын жасауда

АСТАНА. 29-қараша. Kazakhstan Today. Республика үкіметі астықты экспорттау стратегиясының жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Қазақстанның бірінші астық форумында еліміздің ауылшаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць хабарлады.

  • 29 Қараша 2006
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Бірінші кезеңде астықты экспорттап сату қызметіне лицензия беру тәртібін енгізу көзделген. Бұдан кейін елімізде қолданылатын астық пен оны өңдеуден кейінгі өнімдердің сапасын бағалау әдістерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіру, астық жөніндегі кеңес құру, астық пулын құру, астық пен оны өңдеуден кейінгі өнімдерді тасымалдауға жұмсалатын шығындарға субсидия бөлу, астық пен оны өңдеу өнімдерін биржада сатылатын тауарлардың тізіміне енгізу қадамдары жасалады»,- деді ол.

Департамент директорының айтуынша, стратегияның жобасын жасауда Канада мен Австралияның тәжірибесі пайдаланылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта