Тәжікстан қаржы министрлігінің жанындағы сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау қызметінің төрағасы Санобар Хомидовтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, күн тәртібіндегі барлық 11 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Мәжіліске қатысушылар екі күнге созылған жиын барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ұлттық заңнамасын сақтандыру компанияларының іс-қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі халықаралық принциптермен сәйкестендіру жөніндегі келісімнің жобасын талқылады. Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің сақтандыру компанияларының тиімді сақтандыру жүйелері мен тәуекелдерді қайта сақтандыру тұжырымдамаларының жобасы мен ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде сақтандыру қызметіне лицензия беру саласындағы заңнамасын өзара үйлесімге келтіру жөніндегі нұсқаулардың жобасы сарапқа салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті