Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаған Атыраудың екі тұрғыны жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаған Атыраудың екі тұрғыны жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаған Атыраудың екі тұрғыны жауапқа тартылды

АКТОБЕ. 29 ноября. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында сайғақтарды заңсыз атқаны үшін екі атыраулық жауапқа тартылды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Ақтөбе облыстық соты 43 және 25 жастағы екі ер адамды шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар олар мемлекетке 309 мың теңге көлемінде шығынды өтеулері қажет. Аңшылардан тәркіленген 16-шы калибрлі аңшы мылтығы мен мотоцикл мемлекет қазынасына жіберілді.

  • 29 Қараша 2006
  • 410
Фото - Caravan.kz

Атыраудың екі тұрғыны қыркүйек айында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында екі сайғақты атқаны үшін ұсталған болатын. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Охотпром» РМК Батыс Қазақстандық филиалының директоры Тимур Наурызбаевтың айтуынша, «атыраулық браконьерлер Ақтөбе облысында кейінгі бір жарым жылда үшінші болып жауапқа тартылғандар болып отыр».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта