Тәжікстанда электр энергиясын беруді шектеудің салдарынан халық үси бастаса, кәсіпорындар шығындарын санауда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда электр энергиясын беруді шектеудің салдарынан халық үси бастаса, кәсіпорындар шығындарын санауда

Тәжікстанда электр энергиясын беруді шектеудің салдарынан халық үси бастаса, кәсіпорындар шығындарын санауда

ДУШАНБЕ. 29 қараша. Kazakhstan Today. Тәжікстанда электр энергиясы қатаң тәртіппен беріле бастағалы тұрғандар үсіп, кәсіпорындар шығындарын санай бастаған, -деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қараша 2006
  • 449
Фото - Caravan.kz

Электр жарығы тұрғындарға тәулігіне 1-2 сағат қана берілсе, шеткері аудандар тіпті жарықсыз қалған. Бірқатар аудандарда табиғи газ да ерілмеуде. Қайраққұмда тұтынушылар көгілдір отынды үш күннен бері көрмеген. Газ Худжантта күніне екі сағат қана берілгенімен, оның өзінде бір сағат бойы тұрбамен ауа шығып тұрады.

Жарық пен жылудың жоқтығынан (Тәжікстанда 11 градусқа дейін аяз) бірқатар мектепке дейінгі оқу орындары мен мектептерде сабақтар тоқтатылған.

Тапшылық қоғамдық көліктің жұмысына да әсер етпей қоймады. Жолаушылар автобусты бірнеше сағаттан күтуде. Жүргізушілердің айтуларына қарағанда олар жанармай бекеттерінің кезегінде 10-12 сағаттай тұрады.

Ал осы кезде республиканың кәсіпорындары электр тапшылығы әкелген шығындарын санауда. Тәжікстан өндіріс министірлігінің мәліметтерінше , бір тәулікте келген шығынның көлемі 16 млн. сомони ($4,7 млн.) болды. «Бүгін шығынның көлемін толық санауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан бұл мәліметті жобалай келтірдік»,-дейді министрліктегі дереккөз.

Мысалы электр жарығын пайдаланатын ірі кәсіпорынның бірі — Тәжік алюминий зауытының дербес электр көзі бар. Сондықтан егер сырттан келетін электр жарығы тоқтаса, зауыт тек жартылай ғана шығынға ұшырайды. Ал республикадағы өндіріс министрлігінің қарамағындағы өзге де 160 кәсіпорынға келер болсақ, олардың шығыны тәулігіне 1,5 мил сомониға жетуі мүмкін.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Тәжікстанда 3 күнге созылатын электр жарығын беруді шектеу Сангтудин 1-ші Су электр станциясының құрылысына байланысты. 30-қарашада бейсенбі күні жоспар бойынша, Вахш өзеніне тосқауыл қойылатын болған. Ал осы кезде Нүрек су қоймасының деңгейі төмендейтін болады.

Тәжікстандық «Барки Точик» электр компаниясының мәліметтерінше, 28,29,30 қараша күндері Тәжікстанда электр өндіру көлемі 25-26 млн кВт-қа қысқартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта