Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстанның екі есірткі тасушысы сұйық героин партиясымен қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстанның екі есірткі тасушысы сұйық героин партиясымен қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстанның екі есірткі тасушысы сұйық героин партиясымен қолға түсті

АЛМАТЫ. 29-қараша. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында Новосибирск-Адлер бағытындағы жолаушылар поезынан салқындатылған сусын құятын бөтелкемен сұйық героин алып өтпек болған екі жолаушы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Қараша 2006
  • 444
Фото - Caravan.kz

Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 1982 және 1988-жылы туған Қырғызстанның екі азаматы «Петропавловск-темір жолы» өткізу бекетінде ұсталды. Құжаттарды тексеру және қол жүктерді тінту барысында салқындатылған сусын құятын үш бөтелке табылды. «Алдын-ала талдау қорытындысы көрсеткендей, бөтелкеде аса сирек кездесетін есірткілік зат — сұйық героин болып шықты»,- деп хабарлайды шекарашылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта