Қазақстан мен Иордания экономика саласында бірқатар келісімдерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иордания экономика саласында бірқатар келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Иордания экономика саласында бірқатар келісімдерге қол қойды

АСТАНА. 29-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Иордания экономика саласында бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Ұлы Мәртебелі Иордания Хашимиттік Корольдігінің билеушісі Абдалла II бен әл-Хусейннің шақыруымен 2006 жылдың 28-30 қарашасында осы елде ресми сапармен болған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қараша 2006
  • 385
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Иордан Хашимиттік Корольдігінің үкіметі арасындағы ынтымақтастық, Сауда-экономикалық ынтымақтастық және Инвестицияларды қолдау мен қорғау ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында тараптар екі елдің жеке секторының өкілдерін жоғары деңгейдегі екі жақты саяси қатынастарға және тиісті шартты-құқықтық базаға негізделген қолайлы жағдайларды мейлінше пайдалануға шақырды.

Сауда -экономикалық салада тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы жеке сектордың елеулі рөлін атап көрсете отырып, тараптар қазақстандық және иордандық бизнесмендердің қатысуымен Іскерлік кеңес құруға уағдаласты.

«Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сондай-ақ кіші және орта бизнес сияқты салалардағы ынтымақтастыққа сондай-ақ тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылық білдірді.

Тараптар екі ел астаналарында тұрақты жұмыс істейтін көрмелерді ашуға күш-жігер жұмсайтын болды»,- делінген бүгін ҚР СІМ таратқан бірлескен мәлімдеменің мәтінінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта