«22 желтоқсанда Астанада кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім қабылданды, онда бірігу процедурасы өткізіліп, саяси кеңес және саяси бюроның құрамына алдын -ала сайлау өтеді»,-деді А.Башмаков.
Сонымен қатар, съезде бірлескен партияның атауы бекітіледі. А.Башмаковтың айтуынша, осындай ұсыныстар Азаматтық және Аграрлық партиялардың съезінде айтылған. «Біз бұл ұсыныстарды қарастырып жатырмыз, меніңше 22-желтоқсанда өтетін съезд барысында пікірталас жалғасады»,-деді ол.
А.Башмаковтың пайымдауынша, бірлескен партия «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, деп аталуы керек. Сенатор «Отан» партиясы бұрыннан халықтық партия , ол мүшелерінің санына байланысты емес, әйтседе қазір бұл үлкен күшке айналды, халықтық болуына оның құрамы себеп, дейді. «Әлеуметтік, жастық және ұлттық құрамына байланысты , партия халықтық боп саналады»,-деп атап өтті ол.
«Отан»партиясы Қазақстандағы мүшесі ең көп саяси күш санатында. «Асар»,»Азаматтық» және «Аграрлық» партияларының қосылуы нәтижесінде мүшелер қатары 1 млн. адамға жуық болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті