«Қазіргі уақытта балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталып қалды, жуық арада ол сотқа жіберілмек», — деді
І.Бақтыбаев. Оның ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта осы іс бойынша 21 адамға айып тағылған. «Айыпталушылардың арасында дәрігерлер де, денсаулық сақтау саласының мамандары да, жоғары лауазымды тұлғалар да бар», — деп атап көрсетті І. Бақтыбаев.
Сонымен қатар, ол айыпталушылар туралы толық ақпаратты іс сотқа жіберілмей тұрып хабарлаудан бас тартты. «Сот процессі ашық өтуі мүмкін, оқиғаның мән-жайын толық естіп білуге өздеріңіздің мүмкіндіктеріңіз болады», — деді бас прокурордың орынбасары.
Бұрын хабарлағанымыздай, бүгінгі күнге дейін ВИЧ індеті оңтүстік қазақстандық 84 баладан және 12 анадан анықталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті