Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға наурыздың 7-нен 8-не қараған түні болған. 11-бағыттағы трамвай жүргізушісі шойын жолдың үстінде ұйықтап жатқан еркекті байқамай қалған. «қатты жылдамдықпен келген вагон оны жаншып өтіп, денесін бірнеше метр жерге сүйретіп әкеткен»,- деп түсіндірді полициядағылар.
Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленуші мас болған. Көптеген ауыр жарақаттардың салдарынан еркек оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта, жедел уәкілдер қайтыс болған адамның кім екендігін анықтауда. «Еркек 25-30 жастар шамасында, еуропалық нәсілді»,- деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті