Душанбеде 13-14-наурызда СПЕКА аясындағы "Транспорт және шектес шекаралар" атты жобалық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде 13-14-наурызда СПЕКА аясындағы "Транспорт және шектес шекаралар" атты жобалық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді

Душанбеде 13-14-наурызда СПЕКА аясындағы "Транспорт және шектес шекаралар" атты жобалық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. 13-14-наурызда Душанбеде БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне бағышталған арнаулы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы "Транспорт және шектес шекаралар" атты жобалық жұмыс тобының 12-ші отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстанның көлік және коммуникациялар вице-министрі Азат Бектұров төрағалық жасайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Наурыз 2007
  • 593
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы отырыс аясында елдердің көлік саласындағы ұлттық деңгейдегі проблемалары мен бастамалары туралы баяндамалар тыңдалады. Сонымен бірге БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне бағышталған арнаулы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы ең маңызды транспорттық бағыттарды іріктеу үшін жасалатын талдауларда БҰҰ ЭСКАТО-ның «Уақыт/құн» атты жаңа әдістемесін қолдану және қатысушы елдер үшін қызғылықты болып табылатын жобалық ұсыныстарды қарау көзделген.

Отырысқа, БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне бағышталған арнаулы бағдарламасына қатысушы елдермен бірге, БҰҰ-ның Біртұтас экономикалық комиссиясы, БҰҰ ЭСКАТО, ЮСАИД, Орталық Азиядағы ТРАСЕКА кеңсесінің және халықаралық қаржылық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті