Семейде 2007-жылы өзендегі вокзал салына бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 2007-жылы өзендегі вокзал салына бастайды

Семейде 2007-жылы өзендегі вокзал салына бастайды

СЕМЕЙ. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде 2007-жылы өзендегі вокзал салына бастайды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Тілеуғазы Сыдықов хабарлады.

  • 12 Наурыз 2007
  • 514
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, вокзал салу 2006-2008-жылдарға арналған Семейді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында қарастырылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2007-жылы 80 млн теңге бөлінеді. Тағы 80 млн теңгенің 2008-жылы бөлу межеленген. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Сонымен бірге болашақ вокзалдың орналасатын жеріне қатысты мәселе шешілуде.

Семейде 2005-жылы Ертісті бойлай өзендегі кеме қатынасы қайта жанданғаннан бері өзендегі вокзал салу қажетігі туындаған. Осы мерзімде кемелер кеме жөндейтін зауыттың тұрағына тоқтауға мәжбүр болып келді. Семейде кеме қатынасы тоқтап қалған 18 жылда бірде-бір айлақ қалмаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті