ҚР СІМ ресми сапармен Ресейге барады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ ресми сапармен Ресейге барады

ҚР СІМ ресми сапармен Ресейге барады

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР СІМ Марат Тәжин ресми сапармен Ресейге барады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Наурыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Сапар 19-20-наурызға межеленген. «Сапар аясында келіссөздер жүргізіліп, олардың барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзара тиімділігін одан әрі арттыру, ТМД кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ықпалдастықты дамыту жайы мен халықаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыға салынады»,- деді І.Омаров.

Екі елдің сыртқы саясатты жауаптанатын мекемелері арасындағы 2007-жылға арналған ынтымақтастық шараларының жоспарына қол қойылады деп күтілуде.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі екі жақты ынтымақтастықтың ең тиімді әрі табысты моделі екенін атап өту қажет»,- деді баспасөз хатшысы.

«Қазақстан мен Ресей арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және басқа да барлық салалардағы етене жақын ынтымақтастықтың ауқымды құқықтық базасы қалыптасқан. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың барлық салаларын қамтыған өзара серіктестік принциптері бекем орныққан деп айтуға болады»,- деді ол.

«Өзара саяси сенімділік дәрежесі мен кең ауқымды ынтымақтастықтардың деңгейі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық одақтастықтың мызғымас беріктігін паш етеді»,- деді М.Омаров.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті