Қазақстан мен Египет Араб Республикасының арасындағы сауда-саттық келісіміне қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Египет Араб Республикасының арасындағы сауда-саттық келісіміне қол қойылды

Қазақстан мен Египет Араб Республикасының арасындағы сауда-саттық келісіміне қол қойылды

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Каирде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Египет іскерлік кеңесінің бірінші мәжілісінің ашылуында Қазақстан мен Египет Араб Республикасының арасындағы сауда-саттық келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Наурыз 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

Құжатқа Қазақстан жағынан индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, Египет жағынан елдің сауда және индустрия министрі Рашид Мұхаммед Рашид қол қойды.

Бұл күні сондай-ақ Қазақстан президентінің Ливан кәсіпкерлерінің тобымен кездесуі болып өтті. Кездесуде екі елдің іскер топ өкілдері арасындағы ынтымақтастығын жандандыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сапардың бірінші күні Қазақстан мен Египет арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуына орай ресми қабылдаумен аяқталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті