«ҚР Конституциясының 55-бабының 1-тармақшысы, 82-бабының 1-тармағына, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңның 31-бабының 1 және 4-тармағына сәйкес, Жоғарғы сот кеңесінің таныстыруының негізінде Смолин Анатолий Сергеевичті ҚР Жоғарғы сотының қадағалау жөніндегі алқасының төрағасы лауазымына, ал Әбдіқадыров Елес Нұрқасымұлы мен Мақашев Зейнолла Мұхамединовты Жоғарғы соттың судьясының бос орындарына сайлауға ұсынамын»,- делінген президенттің таныстыруында.
Сенат президент ұсынған кандидатураларды бір дауыстан бекітті. Жалпы отырыс барысында жаңадан сайланған судьялар ант берді.
Ата заңға сәйкес, ҚР Жоғарғы соты алқасының төрағасы мен судьяларды президенттің таныстыруы бойынша сенат сайлайды. Елбасы республиканың жоғарғы сот кеңесінің нұсқауына сүйенеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті