Қазақстан президенті тарихи ескерткіштер — «Сұлтан ад-Насыр Мұхаммад ибн Калауын» және «Сұлтан Хасан» мешіттерін аралады. Тағдыры — Мысырға да, өмірге келген Қазақ даласына да ортақ ұлы қолбасшы және билеуші Бейбарысқа арналған тарихи ескерткіш «Сұлтан Бейбарыс» мешіті мемлекет басшысының ерекше ықыласын аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Араб елдері лигасында болып, осы ұйымның бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесті.
Бұл күні сондай-ақ Қазақстан басшысы мысырлық «Ашар-Аль-Аусат» газеті мен «Ар-Раджуль» журналының журналистеріне сұхбат беріп, олардың Қазақстан туралы сауалдарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті