Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар облысаралық теміржол бағыттарының тізімін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар облысаралық теміржол бағыттарының тізімін жасады

Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар облысаралық теміржол бағыттарының тізімін жасады

АСТАНА. 14 наурыз. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігінің жол комитеті әлеуметтік маңызы бар облысаралық теміржол бағыттарын қайта қарады,-деп хабарлады агенттікке министрліктің баспасөз қызметі.

  • 14 Наурыз 2007
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Теміржол көлігіндегі жолаушылардың қалаулары бойынша бұл тізімге Алматы-Сарағаш, Астана-Тобыл, Астана-Жезқазған, Астана- Маңғыстау бағыттары енгізілді,-деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалдаушылардың шығындарына субсидия жасау тәжірибесін министрлік 2005 жылдан бері жүргізіп келеді.

«2007 жылы темір жол көлігімен жолаушы тасымалдауды облысаралық, қалааралық бағыттарда ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 9,5 млрд теңге бөлінген,-дейді министрліктегілер.

Баспасөз қызметінің айтуынша, биыл жолаушыларды теміржол көлігімен облысаралық бағыттарда тасымалдау үшін жекеменшік тасымалдаушылар тартылды. Әлеуметтік маңызы бар 61 бағыт бойынша тендер 2006 жылдың күзінде өткен еді.

Дәл қазір көлік және коммуникация министрлігі 2008 жылы әлеуметтік маңызды облысаралық, қалааралық теміржол жолаушы тасымалына субсидия бөлу үшін бюджеттік тапсырысты жобалап отыр», -деп атап өтті жол комитетінің төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті