Қарағандыда жай үйде газ жарылуы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылып, тағы біреуіне дәрігерлік көмек көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жай үйде газ жарылуы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылып, тағы біреуіне дәрігерлік көмек көрсетілді

Қарағандыда жай үйде газ жарылуы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылып, тағы біреуіне дәрігерлік көмек көрсетілді

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қарағандыда жай үйде газ баллонының жарылуы салдарынан 53 жастағы ер адам мен әйел ауруханаға жатқызылып, тағы бір 22 жастағы тұрғынға дәрігерлік көмек көрсетілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Наурыз 2007
  • 357
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қарағандының Октябрь ауданындағы жай үйде 13-наурызда 20 сағат 25минутта 50 литрлік газ баллонынан 5 литрлік баллонға өз беттермен газ ауыстырып құйып жатқан сәтте кішкентай баллон жарылды. Ол әріқарай тұтанған жоқ. Оқыс оқиға салдарынан үйдің шатыры мен қабырғалары бүлінді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті