Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

КӨКШЕТАУ. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақмола облысы әкімінің аппаратынан хабарлады.

  • 14 Наурыз 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы әкімінің бас инспекторы- баспасөз хатшысы Әлия Айғаринаның хабарлауынша, іссапар бағдарламасында Ақкөл және Щучинск қалаларына бапу жоспарланған.

Атап айтсақ, К.Мәсімов Ақкөлдегі ғарыш аппараттарын басқару және байланыс саласына мониторинг жүргізу жүйесінің жер үсті кешенінде болады. Бұдан кейін ол тікұшақпен Щучинск қаласына ұшып шығып, онда Ұлттық қорғаныс университетіне барады.

Сонымен бірге үкімет басшысы «Оқжетпес» дауажайы» АҚ- ында болып, онда Щучинск-Бурабай дауажай аймағын дамытуға арналған кеңеске қатысады.

Сапар барысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой, туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев т.б үкімет басшысымен бірге жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті