Мекеме ақпаратына сәйкес, 13-наурызда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне аудандық аурухананың хирургия бөліміне 10-наурызда «соқырішектің өткір қабынуы» деген диагнозбен 14 жасар ұлдың жатқызылғаны туралы хабарлама түскен. Аудандық дәрігерлердің консилиумы оған 10-наурызда «құтырық дерті» болуы мүмкін деген диагноз қойып, 11-наурызда диагноз расталды. 12-наурызда жасөспірім қайтыс болды.
Эпидемиялық тексеру барысында белгілі болғанындай, 9-наурызда баланы белгісіз ит қауып алған. Тұрғылықты жері бойынша оған антирабикалық емдеу жасалыпты. Ауру ошағында баламен байланыста болған 4 адам анықталып, олар дәрігердің бақылуына алынды. Эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті