Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабанда дерегі бүгін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Қарасу» шекаралық өткізу бекетінде анықталды. «Шекарашылар жасағы көліктер мен жүктерді тексеру барысында «Тойота Ленд Крузер — Прадо» автокөлігінің салонынан құпия қоймада жасырылған ақшасы бар дорба табылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекарашылардың хабарлауынша, көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ұсталды, Қырғызстан азаматтары Қазақстанға келе жатқан.
Ұсталғандар белгіленген тәртіппен Қордай ауылы кедендік бөлімшесінің контрабандамен күрес бөліміне табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті